ШҚО учаске инспекторлары жыл басынан бері 50 мың құқықбұзушылық анықтады
Териториялды Жергілікті полиция қызметкерлерімен бірге барлығы 1300 түсіндірме жұмыстары жүргізілген
14 220 адам спирттік ішімдік ішкені үшін және қоғамдық орында мас күйінде болғаны әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
5500 адам кішігім бұзақылық, 2430 – жанұялық ұрсыс, үш мыңға жуық адам қоғамдық орында темекі шеккені үшін жауапқа тартылған. 705 адам алкоголизмнен мәжбүрлі емделуге жіберілген.
Айта кету керек, полицияның әдістік жұмысы оң нәтиже беріп келеді. Облыс бойынша қылмыстың жалпы деңгейі 15 пайызға төмендеген. Қоғамдық орында жасалған қылмыс саны 13 пайыщға көшедегі қылмыс 5 пайызға кеміген. Кәмелет жасқа толмағандар арасындағы қылмыс 14 пайызға, жанұялық-тұрмыстық қатынастағы қылмыс 17 пайызға азайған.
Следующая →