Өскемен
малооблачно
+8°
  • Өскемен
    +8°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +11°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +17°
$
441.58
+0.17
480
+2.22
¥
61.19
+0.07
4.86
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыста кәсіпкерлерге қызмет көрсетуге арналған жаңа орталық ашылмақ

Кәсіпкерлерге арналған мемлекеттік қызметтердің барлығын бір ғимаратқа жинастыру мақсатында жаңа орталық ашылмақ

Орталық Өскемен қаласында орналасқан төрт ғимараттың біріне жайғаспақ. Оның бірі - Ворошилов көшесінде орналасқан бұрынғы облыстық «Жедел медициналық көмек ауруханасы» ғимараты. Одан бөлек орталықты орналастыру үшін Әуезов көшесі, 10 мекенжайындағы ғимаратты 150 млн теңгеге сатып алынуы немесе 250 млн теңгеге жаңа ғимарат салынуы мүмкін.

- Немесе бұл ғимараттарды айына 4 млн теңге төлеу арқылы жалға алуға да болады, - дейді Облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Игорь Шацкий.

Кәсіпкерлердің көпшілігі құжаттарын реттей алмай дал болады. Өйткені қызмет көрсетуде арнайы жүйе жоқ. Мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қандай қызмет түрлері көрсетіледі, соның барлығы жаңа ғимаратқа жайғаспақ.

- Орталықтың басты мақсаты – қажетті құжаттар мен мемлекеттік бағдарламалар, қаржыландыру көздері, бухгалтерлік есеп, бизнес жоспары, маркетингтік жоспар, қаржыландырылатын жобаларды тіркеу, шағын кәсіпкерлік жөнінде кеңес беру әрі заңнамалық көмекті толыққанды көрсету, - дейді Игорь Шацкий.

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Кәсіпкерлер палатасы директорының ұсынысын қабыл алып, аталған орталықта барлық қызмет түрлерін жинақтауды тапсырды.

- Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барлық қызмет түрін жинақтау керек. Жер қатынастары, инфрақұрылым мәселелері бойынша кеңестер беру керек, заңнамалық қолдау көрсету керек. Бұл ғимаратта «Даму» қорының ресми өкілі де отыруы қажет, - деді Даниал Ахметов.

Следующая →