ШҚО-да суицидке шақыратын 9 әлеуметтік желі топтары жабылды
Әлеуметтік желіде «Көк кит» сынды өлімге шақыратын топтар мен парақшалар анықталды
Ішкі істер департаменті «Көк кит» әлеуметтік желі тобына тіркелген 12 жасөспірімнің өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын анықтаған.
- Мұндай әлеуметтік топтарды құрғандардың көпшіліг жасөспірімдер екендігі анықталды, - дейді полицейлер. - Мәселен, Семейде бір жасөсірім қызық көріп осындай топқа тіркелген. Ал топтың әкімшісі болса, оған өзін әкімші ретін көрсетуіне бұйрық берген. Ал 13 жасар Зырян ауданының қызы Катонқарағайда тұратын құрдасына әртүрлі тапсырмалар беріп отырған. Департаменттің араласуымен жасөсірімдердің әрекеті дер кезінде тоқтатылды.
Сонымен қатар мектеп пен колледж ұстаздары да әлеуметтік желідегі мұндай топтарға қадағалау жүргізіп отырады.