Қала мектептеріндегі медицина кабинеттері санитарлық талаптарға сай емес
Медициналық мекемелерді толыққанды талаптарға сай етіп жабдықтау үшін қаржы қажет, ал ШҚО Білім басқармасына әлі ондай ақша бөлінбеген
Қала мектептеріндегі кейір медициналық кабинеттер әлі де лицензиялаудан өтпеген. Анықталғандай, олардың көбі санитарлық нормалар мен талаптарға сай келмейді. Яғни, қажетті жиһаз бен техника жоқ, алаңы тар. Ал жабдықтауға қаржы жоқ.
Өскемен қаласындағы білім беру бөлімі басында ШҚО Денсаулық сақтау басқармасына мектептегі медициналық кабинеттерін өз құзырына алуды ұсынған. Алайда Денсаулық сақтау басқармасынан жауап ала алмаған.
Ал қалалық мәслихат сессиясы барысында білім бөлімінен келген шенеунік бұл сұрақтың шеші табылып, тамыз айында қажетті қаржы юөлінетіндігін айтты.