Өскеменде жол жүру билеттері қымбаттауы мүмкін
Тасымалдаушылардың сөзіне сүйенсек, жол бағасы бұрынғыдай 90 теңге болып қалады
Қазір көп реттік жол жүру билетінің бағасы 7700 теңге. Автобус кондукторлары бұл билеттер алдағы уақытта 8500-ге дейін қымбаттауы мүмкіндігін айтады.
Естеріңізге сала кетейік, Өскемен қаласындағы қоғамдық көліктердегі жол ақысы қымбаттағаннан кейін айлық жол жүру билетінің құны да көтерілген.
- Біз тасымалдаушылардан жол билеттері біртіндеп көтеріліуін сұрадық, - дейді қалалық Қоғамдық кеңестің төрағасыСтанислав Каримов. - Қазір сол үрдіс жүзеге асып жатқан болуы керек.
Жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы Владимир Панковтың айтуынша, жол жүру билеттері өз шығынын ақтамайтындықтан, қымбаттатуға тура келеді.
- 7700 теңгеге 85 сапар жасауға болады, - дейді Владимир Панков. - Тек 90 теңгеге есептелген жол жүру билеті ғана шығынды толық ақтайды. Яғни, сома 8100 теңгеге сай келеді.