Алакөлде құтқарушылар жетіспейді
Облыстағы ірі су қоймасында тек алты құтқарушы ғана көлдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болып шықты
ШААШҚБ бас құтқарушысы Анатолий Рожковтың айтуынша, тоғыз шақырымдық жағажайдағы демалушылардың қауіпсіздігін небары алты-ақ адам қамтамасыз етіп отыр.
- Алакөлдегі жағдай мүшкіл, - дейді Анатолий Рожков. - Қауіпсіздік ережесіне сай әр суға түсетін орында екі құтқарушы болуы керек. Айта кетейін, облыс бойынша екі мыңнан астам су қоймасы бар, ал құтқарушылар саны – 120.
Следующая →