Герасимовка ауылының жанындағы жаңа тас жолды алып тастағандарға автожүргізушілер наразылық білдіруде
Жуықта Ұлан ауданы Герасимовка ауылының жанынан өтіп бара жатқандар жаңа тас жолды жол қызметкерлерінің қырып тастағанына қатты наразылық білдірді
- Таврия бағытындағы Өскеменнен он шақырым жерде жаңадан тас жол төселіп, осымен жұмыс бітті ме деген едік. Бүгін жолда келе жатып келесі оқиғаға тап болдық: учаскеде бірнеше шақырым жерден тас жолды қырып жатыр. Жол шетіне тоқтап, жұмысшылардан жаңа жөндеу жұмысының мәнін сұрадым. Қарапайым ғана жауап қайырды - «тапсырыс берушіге ұнамаған». Шынымен, жол неге жамаусыз дерсің? Ақымақтық! - дейді әлеуметтік желіге салған суретке пікір білдіре.
Анықталғандай бұл учаскедегі үш шақырым жерге тапсырыс беруші - ШҚО «ҚазАвтоЖол» филиалы. Ұйым шынымен «Ремдор» ЖШС кәсіпорны жүргізген жұмыс сапасына қанағаттанбаған.
- Герасимовка ауылының жанындағы бұл жолда із қалып қойған, қазір ол қателіктер түзетілуде, - дейді ШҚО «ҚазАвтоЖол» филиалының сапаны бақылау бөлімінің бас маманы Нұржан Мұстафин. - Жол қабатының отырып кеткені байқалды. Бұл материал сапасына байланысты емес, себебі ол біздің зертханада тексеруден өтеді. Іздің не үшін, қалғанын түсіндіре алмаймын.
«ҚазАвтоЖолда» жуық арада «Ремдор» ЖШС барлығын қалпына келтіреді деп сендірді. Бұл жөндеу жұмысына қанша қаражат жұмсалғанын телефон арқылы хабарлаудан бас тартты.