Он бес жасар Карина Дудко аман-есен табылды
Жоғалған қыздың ұялы телефонын ұрлап кеткен. Ата-анасының қаһарынан қорыққан қыз 11 күн бойы таныстарының үйінде жасырынған
Естеріңізге саламыз, облыс орталығының тұрғыны Карина Дудко 11 шілде күні үйінен шығып кетіп, оралмаған болатын
Қыз бала үйіне оралмаған соң, анасы Елена Романова полицияға хабарласқан.
Құқықорғаушылар жоғалған қызды тек 22 шілде күні тапқан. Қыздың анасы хабарлағандай, өзі жөнді танымайтын біреулер ұялы телефонын ұрлап кеткен соң, ата-анасының қаһарынан қорыққан қыз құрбы-құрдастарының үйінде жасырынған.