Өскемен полициясы «Жасөспірім» жедел шарасының қорытындысын шығарды
Тәртіп сақшылары түнгі уақытта панасыз қала кезіп жүргендерді іздеу операциясын өткізді
Кешкі рейдтер барысында кәмелет жасқа толмағандар ісі бойынша инспекторлар топ-топқа бөлініп, панасыз жасөспірімдерді іздеу үшін көңіл көтеретін орындарды тексерді.
19-21 шілде аралығында ұйымдастырылған шара барысында полиция қызметкерлері кәмелет жасқа толмағандармен жасалған 26 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтады.
Түнгі уақыттағы кезбелік жайттары да тіркелген. Түнде заңды өкілсіз жүрген төрт жасөспірім кәмелет жасқа толмағандарды бейімдеу орталығына жеткізілді
Тақырыптар:
ОПМ "Подросток" в Усть-Каменогорске Неблагополучные семьи в Усть-Каменогорске Правоохранительные органы Усть-Каменогорска