Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскемендегі жедел жәрдем көліктері тұратын көлікжайлар апатты жағдайда

Биыл жаңа жедел жәрдем көліктері сатып алынады. Алайда, оларды қоятын орын апатты жағдайда тұр

Өскемен қаласында жедел жәрдем көліктері тұратын көлікжайлардың құрылысы құлайын деп тұр. Қақыраған қабырға мен сөгілген фундаменттер жаңадан алынған қымбат көліктерге пана бола алмасы анық.

Бұл жайында облыстық Қоғамдық Кеңес басшысы, мәслихат депутаты Владимир Головатюк айтты. Кейін белгілі болғандай, облыстық денсаулық сақтау басқармасы жаңа көлікжай құрылысын салу туралы бюджеттік өтінім жасамаған болып шықты.

- Біз жаңа жедел жәрдем көліктерін сатып аламыз дейміз, ал оларды қайда қоямыз. Қабырғасы құлайын деп тұрған көлікжайларға ма? Біз бұл мәселені екінші жыл қатарынан көтеріп отырмыз, ал шешімі болса, әлі жоқ, - дейді Владимир Головатюк.

Ал денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Шоранов бұл мәселемен қазіргі уақытта айналысып жатқанын жеткізді. 

Следующая →