Өскеменде жарнамалардың заңды орналасуына тексеріс жүргізілді
Өскеменде болған дауыл бірнеше жарнама қондырғыларын құлатып, адамдарды жарақаттаған болатын
Соған байланысты жарнама қондырғыларының дұрыс не бұрыс орналасқандығын анықтау мақсатында тексеріс ұйымдастырылды.
Сәулет және қала құрылысы, жергілікті полиция қызметі және кәсіпкерлікті дамыту бөлімі Орталық базар маңында рейд жүргізді.
- Жарнама қондырғыларының заңды орналасуын тексеріп, нәтижелерді құрылысты бақылау мемлекеттік басқармасына жолдадық. Олардың арасында ірі баннерлер де бар, - дейді қалалық сәулет бөлімінің жобалық құжаттарды келісу секторының жетекшісі Қайрат Құжамбетов.
Тексеріс барысында саудагерлер жарнама қалқандарын жасырумен, тығумен болды. Кейбір жарнама баннерлері тұрақты бекітілмеген де. Ал кейбір кәсіпкерлердің жарнамаларды қоюға мүлдем рұқсат қағаздары болмай шыққан.
Жауапсыз кәсіпкерлермен атқарушы органдар айналыспақ.