Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Григорий Прыгов
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыстағы науқастардың 40%-ы тегін дәрі-дәрмек алмайды

Ал денсаулық сақтау саласы облыстағы жемқорлық жайлаған саланың бірі болып отыр

Бұл жайында медициналық мекемелердегі жемқорлық мәселесімен күрес және тегін медициналық көмек көрсету мәселелері төңірегінде өткен дөңгелек үстел отырысында айтылды.

- 2017 жылы халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету респбуликалық және облыстық бюджет тарапынан жүргізілді, - дейді ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов. - Биыл мемлекеттік сатып алу шеңберінде 11 млрд теңге сомасында дәрі-дәрмектер сатып алынды. Қазіргі уақытта тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету толық көлемде жүргізілуде, ешқандай шағым түскен жоқ.

Алайда дөңгелек үстелге қатысып отырған депутат Олег Чернышов шенеуніктің бұл пікірімен мүлдем келіспейтіндігін айтты.

- Менің мәліметтерім бойынша, мамандардың барлығы тегін дәрі-дәрмекке рецепті жазып береді. Алайда пациенттердің тек 60 пайызы ғана тегін дәрімен қамтамасыз етеді, ал қалған 40 пайыз зейнеткерлер дәрі-дәрмек таба алмай жүреді. Ал дәрігерлер болса, дәрі-дәрмектердің жоқ екенін біледі. Мен қазір қоғамдық кеңес өткізгелі отырмын. Егер сіздің айтқан деректеріңізді қоғамдық кеңеске қатысушыларға жеткізер болсам, көп адамның денсаулық сақтау басқармасына қатысты теріс пікірі қалыптасары сөзсіз.

Онымен қоса, Олег Чернышов денсаулық сақтау басқармасының облыстағы ең жемқор үш саланың қатарына енетіндігін айтады. 

Следующая →