200-ден астам Ұлттық ұлан сарбазы Отан алдында ант берді
Семей қалалық 5511 әскери бөлімі Оңтүстік Қазақстаннан, Алматы және Жамбыл облыстарынан екі жүзден астам жас жауынгерге толды
Салтанатты ант қабылдау рәсімі Семейдің орталық алаңында өтті. Ұлттық ұлан жас сарбаздары Калашников автоматымен саптық тәсілдер көрсетті.
Қала әкімі Ермак Салимов жауынгерлерді өмірлеріндегі ең елеулі оқиғамен құттықтап, лайықты әскери қызмет, Отанын қорғау жолында үйлеріне аман-есен оралуды тілек етті.