ШҚО-да саябақшылар мәселелерін шешуге тырысуда
Облыс орталығындағы бағбандық серіктестіктердің бірінде ШҚО Қоғамдық кеңесінің өкілдері мен қала әкімдігінен құрылған комиссия болып қайтты
Өскеменде кейбір саяжай учаске тұрғындарында жарық пен су мәселелері жиі көтеріліп тұрады. Осындай бағбандық «Звездный» серіктестігінде электрэнергиясы жиі өшіп қала береді, ал оның құны өте жоғары. Тұрғындар сол сияқты сумен қамту, жол сұрақтарына да шағымданады. Қыста жолдар қарға толып кетсе, көктемде және күзде тіптен жүру мүмкін емес.
Бұл мәселелерді шешуге «Звездныйға» қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, ішкі саясат, «Өскемен тазалық» ЖШС коммуналды кәсіпорны, «Шығысэнерготрейд» ЖШС ұйымы, ШҚО Қоғамдық кеңес өкілдері барып қайтты.
Өкінішке орай бағбандық серіктестіктерімен мұндай мәселелер тек Өскеменде емес, бүкіл республика көлемінде кездеседі, - дейді ШҚО Қоғамдық кеңесінің мүшесі, Облыстық мәслихат депутаты Олег Чернышов. - Адамдар мұндай көшіп келеді, жергілікті мекенге тіркеледі, ал бұл жерде қалалық өркениет түк қалыптаспаған. Алайда, Конституция бойынша олардың жақсы жағдайларға толық құқығы бар. Бірақ «Бағбандық серіктестік туралы» заң болмағандықтан мәселенің шешімі көрінбейді.
Бағбандардың мәселелерін республикалық деңгейде шешу үшін қоғамдық кеңес мүшелері «Бағбандық серіктестік туралы» заң жобасын Парламентке ұсынбақ. Ал оған дейін «Звездный» бағбандық серіктестігінің мәселелерін шешуге жұмыс тобын құру туралы пікірге келісті.