Өскеменде құстың кесірінен жарық станциясында апат болған
«Аймақтық энергетика компаниясы» АҚ облыс орталығында не үшін жарықтың сөніп қалғандығын түсіндіріп берді
Өскемен қаласында мереке күндері үш рет электр жарығы өшірілген болатын.
- 4 шілде күні Комбинат нерудных материалов ауданына қарасты №40 станциясында ақау болғандығы себепті бұл аудан жарықсыз қалды. Ал 5 шілде күні кешке қатты желдің кесірінен Элеватор көшесінде орналасқан«Каравай» наубайханасына жарық берілу тоқтатылып қалған еді. Изолятордағы ақаудың себебінен Мирный кентінде, Бажов пен Элеватор көшелерінде жарық болмады, - дейді жарық беруші компанияның баспасөз хатшысы Алексей Проскуряков. - Жарық түнгі сағат 22.00-де берілген.
Ал 9 шілде күні түнде тағы да апат болған. Тағы да Элеватор көшесіне қарасты №40 станцияда.
- Жарық беруші станцияға ұшқан құс келіп соғылған. Оның әсерінен жабдықтар сынған. Сол себепті де жөндеу жұмыстары ұзақ уақытты алды. Электр жарығы тоғыз кәсіпорынға берілмей қалды. Оларды басқа станцияларға қоса алмадық. Бұл жағдайлардың барлығы апат болғандықтан, біз ол жайында хабарлама бере алмадық, - дейді Алексей Проскуряков.
Следующая →