Өскемен дүкендерінде нан таусылуы мүмкін
Қаладағы бірнеше наубайхана электр жарығынының жоқтығынан нан өнімдерін пісіре алмай отыр
Наубайхана иелері Өскемен қаласының әкіміне шағымдануды ойлап отыр. Кәсіпкерлер электр жарығымен қамтамасыз етуші ұйымның кесірінен шығынға ұшырап отырғанын айтады.
- Шілде айының төртінен бастап электр жарығы сағат санап сөніп қала беретін болды. Оның үстіне жарықты өшіру туралы бізге еш хабар берген жоқ, - дейді «Каравай» нан зауытының басшысы Наталья Нечитайло. - Жарық мөлшерімен бір сағатқа өшіріледі. Былайша алғанда, аз уақыт. Алайда біздің өндіріске үлкен зиянын келтіреді. Қамыр 50 минуттың ішінде дайын болады. Егер оны тағы бір сағатқа ұстайтын болсақ, қышқылдана бастайды. Кейін лақтыруға тура келеді. Оның үстіне пештер де уақытқа сай жұмыс жасайды. Егер жарық сөніп қалатын болса, пеш автоматты түрде жабылып қалады да, нан күйіп кетеді.
Натальи Нечитайлоның сөзіне қарағанда Элеватор көшесінде орналасқан«Каравай» наубайханасы ғимаратында 4, 5, 9 шілде күндері жарық сөндірілген. Ал бүгін сағат 9.30-дан 12.25-ке дейін жарық болмаған. Төрт күннің ішінде 3030 бөлке нан піспей қалған.
Қазіргі уақытта «Каравай» нан зауыты Өскемен қаласы әкімінің атына шағым жазуды ойлап отыр. Кәсіпкердің айтуынша, жарық беруші ұйым жарықтың өшетіндігі жайында хабарлама бермегеннің кесірінен оларға шығынға кіріп отыр.
Ал «Аймақтық энергетика компаниясы» АҚ жақын уақытта жағдайды түсіндіріп беруге уәде берді.
Следующая →