Өскемен полициясы жоғалып кеткен кәмелет жасқа толмаған қызды тапты
Алдын ала ақпараттар бойынша, 17 жасар Виктория Первухина ата-анасының қаһарынан қорқып, танысының үйінде жасырынып жатқан
17 жасар колледж студенті Виктория Первухина 24 маусым күні үйінен шығып кетіп, бір апта бойы іс-түссіз жоғалып кеткен болатын.
Полиция хабарлағандай, қыз бала танысының үйінде жасырынып жатқан.
Тәртіп сақшыларының біріккен жұмысының арқасында жоғалған қыз бүгін таңертең табылып, ата-анасына қайтарылды, - дейді ШҚО ІІД баспасөз қызметінде.
Алдын ала ақпараттар бойынша, жеткіншек ата-анасының рұқсатынсыз үйінен ақша алып кетіп, қаһарынан қорқып үйіне қайтапай жүрген.
Естеріңізге саламыз, 17 жасар қыз бір аптадан артық уақыт бойы жоқ болды. Полициямен бірге іздеу жұмыстарына еріктілер қосылып Өскемен мен оның маңайына қыздың жоғалғаны туралы парақтар ілумен айналысқан.