Қала тұрғыны жоғалтып алған ақшасын қалтасынан тауып алды
Ақшасының ұрланғаны жайында полицияға хабар түсірген Өскемен қаласының тұрғыны полиция қызметкерлері келгенше ақшасын тауып алды
Кеше кешке 102 каналына қоңырау соққан тұрғын 50 мың теңгесін жоғалтып алғанын айтқан. Арызданушы Ворошилова көшесінде орналасқан пәтеріне белгісіз біреулердің кіріп ақшасын алып кеткенін айтқан. Ал қалғаны мүлкі орнында болып шыққан. Алайда арызданушы ақшасын тәртіп сақшылары келгенше киімінің қалтасынан тауып алған.
Следующая →