Өскеменде құтқарушы-иттер құлаған үйінділер астынан адамдар тапты
Өскемен кинологиялық қызметі иттерге сынақ жүргізді. Құлаған үйінділер астында жатқан адамдарды тапқан иттер құтқарушылардың бір күндік уақытын үнемдей алады екен
- Техногендік апат кезінде іздеуді шапшаң ұйымдастыру керек болады. Адамдарға дер кезінде медициналық көмек көрсету керек, - дейді іздеуші иттердің сынақтарын қабылдаушы Николай Попов. - Иттерді үнемі жаттықтырып отыру қажет. Бір ай жаттықпаған иттің өзі қабілетінен аздап айырылып қалады. Сол себепті де жыл сайын иттерге аттестация жүргізіп отырамыз.
Кейбір «құтқарушылар» сынақтан өте алмай қалған екен, бұған олардың тәжірибесі жетіспеген. Келесі сынақ күзде өтеді.