Өскемен байкерлері есерткіге қарсы мотожарыс ұйымдастырды
Мотожүргізушілер дауыс күшейткіштердің көмегімен қай жерде есерткілік заттардың сатылатынын жасырын хабарлау үшін қала тұрғындарына арнайы нөмірді айтып жүріп шықты
ШҚО ІІД есерткі бизнесімен күрес басқармасы мен қалалық ІІБ есерткі бизнесімен күрес бөлімінің бастамасымен ұйымдастырылған акцияны облыс орталығының мотоқоғамы, үкіметтік емес ұйымдары бірден қолдады.
Байкерлер мен мотожүргізушілер Өскеменнің орталық көшелерінен дауыс күшейткіш құралдардың көмегімен есерткінің зияны туралы ескертіп, тұрғындарға ШҚО ІІД ЕБК сенім телефонын айтып өтті. 26-42-76 нөміріне кімнің қай жерде есірткілік заттар сататынын астыртын хабарлауға болады.
- Нашақорлық қазіргі қоғамның қамшысындай, - дейді белсенділердің бірі Александара Шамаль-Шульгина. - Жастардың арасындағы нашақорлық - дерттің күшейгені ғана емес, демографияның құлдырап, қылмыстың күшейюі. Қазіргі қоғамда кез келген адам «иә» немесе «жоқ» дей алады. Бүгінгі акциямен біз «Жоқ» дейміз. Есерткіге жол жоқ!
Мотожарыс қатысушылары қаланың жанды орындарына тоқтап, тұрғындарға бүктемелер таратты. Марафон жолы ШҚО ІІД Жергілікті полиция қызметінің мекемесінен басталып, Ертіс жағалауындағы Даңқ мемориалында аяқталды.