Өскеменде 16 тұрғын үй салынып жатыр
Құрылысшылар ағымдағы жылы 10 тұрғын үйді қолдануға береді
Ағымдағы жылы облыс орталығында ауданы 17 мың квадрат метрді құрайтын арендалық тұрғын үйлер қолданысқа беріледі. Сонымен қатар кредиттік пәтерлер мен әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындар үшін де пәтерлер салынып жатыр.
- 2017 жылы 16 көпқабатты тұрғын салынады. Олардың ішінде алтауы Жилстройсбербанк үшін, екеуі жас отбасылар үшін, жетеуі жергілікті атқару орган тізімінде тұрғандар үшін салынады және біреуі «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынады, - дейді Қуат Тұмабаев.
Қала басшысының айтуынша, осы жылы 10 көпқабатты үй пайдалануға беріледі.
Следующая →
Тақырыптар:
Строительство в Усть-Каменогорске Благоустройство Усть-Каменогорска Коммунальные службы Усть-Каменогорска