Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

Өртенген Өскемен қоқыс алаңын экологтар тексеріп шықты

Өскемендегі қоқыс полигонының өртенгендігіне облыс орталығы коммуналды кәсіпорны жауапты болып шыққан. Кәсіпорын ауаны ластайтын қалдық шығарғанын ескертпеген

ШҚО экологтары "Өскемен СпецКоммунТранс" ЖШС қоқыс тастау орнында болған өртке қатысты өз зерттеуін жүргізген еді. Нәтижесінде аталмыш кәсіпорын әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды.

Қоқыс күресінде болған өрт 28 мамырдан басталып 4 маусымға дейін жалғасқан еді. «Казгидромет» РМК жүргізген мәліметтер бойынша, өрт салдарынан ауаға аса көп көлемде зиянды ауыр заттар тараған.

- Біз қала әкімдігіне хат жолдай отырып, төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, қоқыс алаңында болып жатқан өртті сөндіруге кірістік. Сонымен қатар "Өскемен СпецКоммунТранс" ЖШС қатысты тексеріс жұмыстары да қатар жүргізілді, - дейді ШҚО экология департаментінің басшысы Дмитрий Кавригин.

Экологтардың тексерісі нәтижесінде Өскемен СпецКоммунТранс" ЖШС экология заңнамасына тиесілі шарттардың бірқатарын орындамағаны әрі соған сәйкес өрттің орын алғанын анықтаған. Сонымен қатар коммуналды кәсіпорынды қоқыс күресінде экологиялық жағынан зиянды заттардың төгілгендігін ақпарат ұйымдарына хабарламағаны үшін, қоршаған ортаны қадаламағаны үшін айыппұл салып отыр.

- Жалпы айыппұл сомасы 215555 теңгені құрайды (95 АЕК). Ал қоршаған ортаға әкелген зияны жайында нақты есептеу тәсілі жоқ болғандықтан, бұл кінәнің айыппұл әлі анықталған жоқ, - дейді Дмитрий Кавригин. 

Следующая →