Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Виктор Скрипниченко
Ақпарат көзі:
Устинка

«Нұр-Әлем» бірегей шар ғимараты өз қонақтарын қабылдап жатыр

Болашақтың энергиясы аталатын сегіз концептуалды қабаттан тұратын музей көрмеге келген қонақтарды өзінің инсталляцияларымен таңқалдыруда

Халықаралық көрменің ашылуы шетелдік қонақтар мен туристерді алғашқы сәттен таңқалдырды. Әлемнің жүздеген мемлекеттері қатысып жатқан басты ЭКСПО жаңалығы – бұл көрменің басты символ «Нұр-Әлем» шар ғимараты болып отыр.

Аумағы бес мың квадрат мертді құрайтын алып футуристік ғимарат өзінің бірегейлігі ел қонақтарын таңқалдыруда.

Алып ғимарат 8 қабаттан – 8 концептуалды белдеуден тұрады. Бірінші қабатта Қазақстан мен оның тарихына қатысты энергия технологиялары қойылған. Бұл қабаттың Ұлы Даланың көне тарихына арналған инсталляциялар ұсынылған.

Екінші қабат «Су энергиясы» деп аталады. Мұнда су ресурсынан қалай энергия алу керектігі жайында айтылады. Үшінші қабат кинетикалық энергияны алу жолдарын баяндаса, төртінші қабат биомасса энергиясы жайында сыр шертеді. Бесінші қабатта «Жел энергиясы» инсталляциялары орналасқан. Мұнда күші жеті балдық желдің қуатын көруге болады. Ал алтыншы қабат «Күн энергиясы» деп аталады. Күн сәулесінен энергия алу жолдары жайында баяндалады. Жетінші қабат ғарыш энергиясына арналған.

Ал ең таңқалдырғаны бөлігі – бұл сегізші «Болашақ Астана» қабаты. Мұнда Қазақстан астанасының 2050 жылы қандай болашақтың қаласына айналатындығы айтылған.  

Следующая →