ШҚО-да алимент бойынша қарыз бір жарым миллиардтан 990 млн-ға дейін азайған
Дегенмен бұған қарамастан өңірдегі алимент төлемегендер саны үздіксіз артып келеді
Алиментті төлемеу мәселесі Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының тұрақты бақылауында
Қадағалау органы біздің аумақта алимент бойынша борышкерлердің неге көп екендігі және жыл сайын олардың санының арту себептерін анықтады. Прокуратура алимент төлемейтін отбасылардағы балаларға қалай көмектесетіні, борышкерлермен күрес үшін қандай арнайы жобаларды іске асыратыны туралы облыс прокурорының міндетін атқарушы Нұрлан Бижанов баяндап берді.
- Шын мәнінде айтсақ, осында арыздар бізге көптеп түседі, - дейді Нұрлан Бижанов. - Облысымызда 16 мың атқарушылық құжат тіркелген. 17 мың балаға алимент төленуі тиіс. Азаматтардың көбі алимент төлеу рәсімі туралы білмейді, себебі, баласымен бірге тұрмайтын борышкер қандай соманы төлейтінін, заң бойынша қалай тіркелетінін білмейді.
Алимент жалақыдан ұсталынып қалады. Ол отбасыда қанша бала бар екендігіне байланысты: бір балаға жалақы сомасынан үштен бір бөлігі, екі балаға төрттен бір бөлігі төленеді. Алимент бойынша төлемдердің жалпы сомасы жалақының жартысынан аспауы тиіс.
Аумақ бойынша борышкерлердің саны келесідей: 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы борышкерлердің саны біршама өскен (29 мыңнан 31 мыңға дейін). Облыс прокуратурасы ата-аналарды алимент бойынша берешектерді толық және уақытында төлеуін ынталандыру мақсатында өткен жылы бірқатар жобаларды ұйымдастырды. Нәтижесінде борышкерлердің саны азайды. Бас прокуратураның «Алименттерді төлемеуіне қарсы 30 адым» бағдарламасы және біздің «Алимент төле!» атты жеке жобамыз жүзеге асырылуда.
Следующая →