Семейлік ХҚКО-да сот орындау жұмыс істей бастады
Енді әкімшілік айыппұлдар мен алименттер бойынша қарызтар туралы ақпараттар қолжетімдірек бола түсті
Семей прокуратурасының бастамасымен қалалық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында сот орындаушылары жұмыс істей бастады. Бақылау мекемесі осындай жолмен тұрғындардың өмірін жеңілдетуді көздеді. Енді кез келген семейлік төленбеген айыппұлдар мен алименттері бойынша қарыздары бар ма, жоқ па біле алады.
Көптеген адамдар өздерінде төленбеген қарыздары бар екенін білмей жатады.
- Орындаушылық өндіріс бойынша қарызгерлер қазіргі кезде лайықты ақпарат алып, өтелмеген қарыздарын жаба алады, - деп түсіндіреді Семей қалалық прокуратурасында.
Сонымен қатар алимен және қарыздар бойынша ақпаратты ҚР Әділет министрлігінің сайтынан білуге болады.