Өскемен мен Семей жол қиылыстарына «ақылды» бейнекамералар орнатылады
Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде ШҚО-ның екі қаласында бейнежазу жүйесін орнату жоспарланған
«Ақылды» бейнекамераларын орнату жобасы облыстық әкімшіліктің жиналысында қарастырылған.
Бейнежазу жүйесін жол жүру ережелерінің бұзылғандығын тіркеу мақсатында аталған қалалардың қиын жол қиылыстарына орнату жоспарланған. ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, айыппұл төлемдері аталған жабдықтың қызмет көрсетуі мен сатып алынуына, шығындарын өтеу үшін жұмсалады.