ШҚО әкімі жол жөндеуді тездетуді тапсырды
Сонымен қатар, хоккейсүйер халық көлігін қоя алатындай Абай даңғылы мен Красина көшелерінің қиылысына көлік тұрағын ойластыруды тапсырды
ШҚО әкімінің айтуынша, 400-600 метрлік жолды жөндеуге мердігерлер бір ай уақыт сұрайды. Бірақ бұл жұмыстарды одан аз уақытта үлгеруі керек.
Даниал Кенжетайұлы атап өткендей, Спорт сарайы аумағындағы көлік тұрағы мәселесі әлі шешімін таппаған. Сондықтан да, өңір басшысы Абай даңғылы мен Красина көшелері қиылысына көлік тұрағын салуды тапсырды.
Жалпы, қалада қазіргі таңда 80 млн теңгенің жолдары жөнделіп қойды, ал шілде айының ортасына дейін тағы 85 млн теңгенің жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Следующая →