Мешіт жанында соққан шаңды құйын семейліктердің зәресін алды
Әлеуметтік желі қолданушылары өткен сенбіде Семейдегі мешіттердің бірінің жанынан ұйытқи соққан «шағын торнадоны» қызу талқыға салуда
Семейліктер Жоламан ауданындағы мешттің жанында соққан шаңды құйынды фотоға түсіріп алған. Қатты желдің шаңды аспанға шығарғаны анық көрініп тұр. Алайда қала тұрғындары бұл жоғарыдан берілген белгі ме деген пікірде.
Ал мешіт қызметкерлері бұл құбылыста таңғалатын ештеңенің жоқтығын айтады. Имамның сөзіне сүйенсек, осы ауданда жиі қатты жел соғатын көрінеді. Куәгерлердің айтуыша, құйын лезде көзден ғайып болған.
Следующая →
Тақырыптар:
Пыльный вихрь возле мечети в Семее