Семейде құтқарушылар екі адамды Ертіс өзенінен алып шықты
Аздап масайрап алған екі азамат Ертіс өзеніне шомылмақ болған
Қызуқанды азаматтар суға шомылуға аттанған соң, кейін өз еркімен шыға алмағандықтарын түсінген. Көмекке шақырған жігіттердің дауысын естіген құтқарушылар бірден іске кіріскен.
- Біздің құтқарушылар суға қайықты түсіріп, құтқарушыларға жақындады. «Медвежонок» аралына 60 метр қалған жерде екі адамның суда тұрғанын байқадық. Олар суда 10 минуттай тұрған екен. Қатты ағыс ағызып әкеткендіктен, жігіттер аралдың жағалайына қарай жүзуге тырысқан. Өзеннің тереңдігі 4-5 метр. Құтқарушылар азаматтарды қайыққа отырғызып, өзеннен алып шықты, - дейді құтқарушылар тобының басшысы Қуанышбек Байтұғанов.
Құтқарушылардың айтуынша, адамдардың денсаулығына еш қауіп төнген жоқ, медициналық көмек көрсетілген.
Следующая →