Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Каменный карьердегі саяжай тұрғындарына су басу қаупі төнбейді

Ушанов ауылдық округінің басшылығы жаз бойы бұл аумақтағы өзен жағалаулары бекітіледі деп уәде етті

Каменный карьер ауылындағы Центральная көшесі бойындағы «Спутник» саяжайының тұрғындарының үйлерін көктем сайын су басатындығы бұрын жазылған. Өзеннің арынын ауыздықтау үшін тұрғындар бұл жерге әр түрлі құрылыс қоқыстарын тасып, қолдан бөгет жасаған. Алайда одан келер пайда болмады. Саяжай тұрғындарының өтініші бойынша билік өкілдері көктемгі тасқынмен күрес жүргізе ме деген сауалмен Ушан ауылдық округінің әкімшілігіне сұрау салдық.

Шенеуніктер тез тіл қатты. Ушан ауылдық округінің әкімі Ерік Құмаров, Глубокое ауданы әкімдігінің мамандары оқиға орнына жетіп, «Спутник» саяжай бірлестігінің төрағасы бірлесіп, өзен жағалауын аралап шықты.
- Коопертив мүшелері мен төраға 20 мамырға қарай мүшелік жарна есебінен қаражат қарастырып, өзен жағалауын бекіту жұмыстарын жүргізуге уәде берді, - деп мәлімдеді Ерік Құмаров. 

Оның айтуынша, Үлбідегі су деңгейі түскен шақта жағалауға қиыршық тас себіледі. Бірақ алдымен қолдан жасалған бөгетті шығару үшін техника әкелінеді. Осыдан кейін бұл жерге еш қауіпсіз суға түсуге келуге болады.

Следующая →