ШҚО тұрғындарын онкотексерілуге шақырады
20 мамыр күні ШҚО онкологиялық диспансерінде Ашық есік күні өтеді
Сенбі, яғни, 20 мамыр күні 9.00-ден 14.00-ге дейін облыс тұрғындары ШҚО онкологиялық диспансерінен тексеруден өте алады.
Бұл күні мекеме Ашық есік күнін өткізеді. Ондағы мақсат өңеш және асқазан патологияларын ерте анықтау.
Қала және Шығыс Қазақстан облысының барлық тұрғындары Потанин көшесі, 6 мекенжайында орналасқан емханадағы дәрігер-онкологтардан тегін консультация алуларына болады.
Следующая →