Әйел адам белгісіз жағдайда жоғалып кетті
Төртінші күн қатарынан Зырянда жоғалып кеткен 44 жасар Елена Рубец іздестірілуде
Туыстарының айтуынша, ол 12 мамыр күні әдеттегідей таңғы жетіде қала орталығында орналасқан «Топелек» дәмханасына жұмысқа кеткен.
- Жұмысқа жетпей қалған, - дейді жоғалған азаматшаның туысы Оксана Король. - Телефоны да сөндірулі. Барлық таныстарына да қоңырау шалдық, ешкім ештеңе білмейді. Тіпті, не болғанын елестете алмай отырмыз. Түгел құжаттары да жанында болған. Ал ақшасы бар-жоғынан хабарсызбын.Бірақ таныстардың айтуынша, Лена бір күн бұрын жалақысын алған екен. Полицияға аррыз жаздық, қоңыраулардың детализациясын күтудеміз.
Елена Рубецтің үстінде қара шалбар және қара гүлді жейде, қоңыр пиджак, қысқа қоныш етік және қолында қара сөмкесі болған. Азаматшаның туған-туыстары қандай да бір мәлімет білетіндер болса, 8−705-529-89-72, 8-771-355-93-78 немесе 102 нөміріне хабарласуды сұрайды.
Следующая →