Өскеменде Жеңіс күні аталып өтуде
Мыңдаған қала тұрғындары Е.Славского атындағы жағалауға жиналып ҰОС-на қатысушыларға құрмет көрсетіп, тағзым жасауда
Даңқ мемориалының жанында үлкен концерттік бағдарлама ұйымдастырылмақ.
Сирек қару техникаларының жанында әскери шатырлар құрылып, түз асханасы жұмыс жасауда. Әскери тағамдарды татқысы келетіндердің қарасы көп.
Мереке қонақтары әскери техникалардың жанына суретке түсуге кезекте тұр. Естелік тақтасының жанында тілектері мен армандарын жазғысы келгендер де мол.
Сонымен қатар, арнайы құрылған шатырдың ішінде соғыс экспонаттары жайғасқан. «Жеңіс Рекорды» акциясы да жалғасын тапты. Жастар жиналып спорттық сайыс бастауда, жастар қосылып 26 298 рет кеудені жерден көтерулері тиіс.
Сағат 20.00-де «Алау жақ» акциясы өтеді. Ал 22.00-де Стрелка аймағында мерекелік от шашу болады.
Следующая →