Өскеменде «Мәңгілік полк» акциясы өтуде
Жүздеген қала тұрғындары ҰОС-на қатысқан отбасы мүшелерінің суретін алып Өзен вокзалы маңынан бастап шеру жасауда
Өскемен қаласы Жеңістің 72 жылдығын атап өтуде. Жылда ұйымдастырылатын «Мәңгілік полк» дәстүрлі акциясы бүгін де қала тұрғындары тарапынан қолдау табуда.
Бұл акцияға өскемендіктер ертерек дайындалды. Қала тұрғындары соғысқа қатысқан ата-әжелерінің портреттерін әзірлеп, дайындық жұмыстарын жүргізген болатын.
Айта кетейік, «Мәңгілік полк» акциясы Өскеменде алғаш рет 2014 жылы Жеңістік 69 жылдығында ұйымдастырылған еді.
Шеру Өзен вокзалынан бастап Даңқ мемориалына дейін жалғасады. Мәңгілік алауға жеткен шеру қатысушылары гүл шоқтарын үлестіреді. Сонымен қатар қала тұрғындарын концерттік бағдарламалар, әскери техникалар көрмесі күтуде. Дәстүрлі сарбаз тағамдары да әзірленеді.
Ал сағат 12.00- де «Император» сауда кешенінде мерекелік концерт болады. Сарбаздар тағамы ұсынылады.
Сағат 20.00-де Стрелка маңында «Алауды жақ» акциясы өтеді. 9 мамыр күні от шашумен аяқталады.
Следующая →