Өскемендік полицейлер оқушылардың көзінше қылмыскерді құрықтады
Жедел әрекет етуші арнайы отряд жауынгерлері қаланың жас тұрғындарына өздерінің кәсіби-әскери қабілеттерін көрсетті
Тәртіп сақшылары ШҚО ІІД ғимаратында мектеп оқушыларына арнап экскурсия ұйымдастырып, арнайы отряд жауынгерлері әскери дайындықтарын көрсетті.
Мектеп оқушылары қарапайым тұрғындардың аяғы жетпейтін жерге – қаладағы барлық қозғалыс бақыланып отырған жедел әрекет ету басқармасы орталығында болып қайтты. Балалар бөлім қызметкерлерінің сөздерін қызыға тыңдап, сұрақтар қойды. Тіпті, басқарма видеокамераларын да пультпен басқарып көрді.
- Ішкі Істер Басқармасына жасалған экскурсияның мұндай қызықты болатындығын күтпеген едім, - деді №35 мектептің 8 сынып оқушысы Аружан Бақытбек. – Біз музейде де болдық. Полиция генералының киім формасын киіп көрдік, «Тигр» алып арнайы техникасы рөліне отырдық, қару-жарақты қолға ұстап көрдік, бір сәт өзімізді тыңшы ретінде сезіндік. Біз нағыз монеталық тиынды қолдан жасалған тиыннан ажыратуды үйрендік. Өте қызықты әрі танымды экскурсия болды.
Полицейлердің айтуынша, мектеп оқушыларымен кездесу осыған дейін де ұйымдастырылып келген.
- Біздің мақсатымыз – полиция қызметкерлерінің күшін көрсету әрі оны мектеп оқушыларына таныту, - деді ШҚО ІІБ баспасөз қызметі Бақытжан Торғаев. – Сонымен қатар, Ашық есік күні заң факультетінің студенттеріне де экскурсия ұйымдастырып берген болатынбыз. Экскурсияға келген жастардың көпшілігі тәртіп сақшысы болғысы келетіндер.
Айта кетейік, биылғы жыл Қазақстан полиция қызметкерлеріне 25 жыл толады.
Следующая →