ШҚО-да құқық бұзушылыққа қарсы алдын алу шаралары ұйымдастырылуда
10 сәуір мен 20 сәуір аралығында тәртіп сақтау қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» шарасын өткізбекші
Жедел алдын алу шаралары қоғамдық орындар мен қала көшелеріндегі тәртіп бұзушылықтарды анықтау мен алдын алу мақсатында өткізілгелі отыр.
ШҚО ІІД баспасөз қызметі хабарлағандай, полиция қызметкерлеріне ҚР Ұлттық Гвардияның әскери бөлімі де көмектеспек. Сонымен қатар жедел алдына алу шараларына ішкі істер органдарының барлық бөлімше қызметкерлері қатыстырылды.
Құқық қорғау қызметкерлері көпқабатты үйлердің аулаларын, қала аудандарын, көңіл көтеру орындарын, өзге де қоғамдық орындарды күзетіп жүр. Қазірдің өзінде қылмыскерлерге қарсы бірігіп істеген әрекет өзінің нәтижесін беруде. Алғашқы сегіз күннің өзінде қоғамдық орындарда орын алған 77 қылмыстық істің 64 қылмыстық ісі толықтай ашылды. Сонымен бірге осыған дейін жасалған 135 істің шешімі табылды. 15 қылмыскер құрықталды.
Жол бойындағы тәртіп бұзушылықтар да шарадан шет қалған жоқ. Қырағы қызметкерлер 121 мас автокөлік жүргізушісін ұстаған, оның ішінде 5 жүргізуші наркотик өнімдерін қолданған. 690 автокөлік жүргізушісі жылдамдықты көтергені үшін ұсталса, қауіпсіздік белдеуін тағынбаған 1320 автокөлік жүргізушісі, рөлде ұялы телефонмен сөйлесіп бара жатқан 986 автокөлік жүргізушісі ұсталған.
Сонымен қатар жедел алдын алу шараларына қатысушылар жалға алынған пәтерлерді, құрылыс алаңдары мен базарларды тексерістен өткізді.
Следующая →