Бір күнде Бұқтырма өзеніндегі су деңгейі жарты метрге көтерілді
ШҚО-да жауын-шашынның салдарын су деңгейінің көтерілуі және жақын маңдарын су басуы мүмкін
«Қазинформ» сайты хабарлағандай 18 сәуір күні ШҚО Жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы Елдос Чикеновтың қатысуымен жиын өтті.
Бүгінгі таңда облыстағы су басу қаупі тұрақты деп бағалануда және су деңгейі қауіпті деңгейден төмен. Алайда Бұқтырма өзенінің жағасындағы Лесная Пристань ауылында су деңгейі жарты метрге көтеріліп, 533 см құрады (қауіпті деңгей 530 см). Ал Берел ауылындағы Бұқтырма өзенінің деңгейі 90 см құрап отыр ( қауіпті деңгейі 290 см).
18 сәуірге қарағанда ШҚО-дағы көптеген өзендер мұзы еріп қойды. Зайсан көлінде мұз қозғалысы жүріп жатыр. Ақсуат ауылы аумағында мұздың қалындығы 60 см құрап отыр. Бұқтырма су қоймасындағы бірқатар мұзтар көтерілсе, біразы еріп жатыр.
Үш гиростанция бойынша ақпарат (Өскемен ГЭС-і, Шүлбі және Бұқтарма): судың келуі мен шығарылуы ГЭС күшіне, геофрафиялық орны мен келіп құятын арналарына байланысты. Мысалы Шүлбі ГЭС-іне келіп құятын су көлемі күтілген 1560 метркубті емес, 1780 метркубты құрап отыр.
Следующая →