Бородулиха ауданында заманауи жаңа медициналық жабдық орнатылды
Медициналық жабдықтың жалпы сомасы 110 миллион теңгені құрайды. Онкологиялық ауруларды анықтау мен ультрадыбыстық зерттеуге арналған
Жаңа қондырғы тек Бородулиха орталық аудандық ауруханасында ғана емес, дәрігерлік амбулатория мен ішкі аудит қызметінде де орналастырылған.
– Бұл медициналық жабдық техника дәуірінің төртінші буынына жататын жаңа жабдық саналады, - дейді Бородулиха ауданы әкімі Григорий Акулов. – Ол тек уақытты ғана үнемдеп қоймайды, сонымен қатар дәл диагонистикалық қорытынды шығаруға қабілетті. Жабдықты алуға «Парыз» қоры өз көмегін тигізді.
Аудандық орталық ауруханад қабылдау бөлмесінде ЭКГ аппараты, дефибриллятор, наркозды-тыныс алу аппараты, реанимациялық құрал жабдықтар орналастырылған. Сонымен қатар бала босандыру кабинеттерінде де жаңа жабдықтар орналастырылуда. Мәселен, жатырдағы баланың жағдайын бақылауға арналған аппарат әкелінді.
Ендігі кезекте пациенттер талдама қорытындыларын алу мақсатында ауруханаға бармай электронды пошталары арқылы ала алады. Сонымен қатар аудандық емдеу орындарындағы ультрадыбыстық зерттеу, маммография, флюорография бөлмелері де жаңа техникалармен жабдықталған.
Следующая →