Өскемен
пасмурно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +11°
  • Актау
    +12°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +8°
  • Қостанай
    +8°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +17°
$
445.95
-0.83
482.96
-1.04
¥
61.66
-0.11
4.82
-0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Александр Селиванов
Ақпарат көзі:
Устинка

Риддер тұрғындары «Тотальный диктант» халықаралық акциясына қатысты

«Тотальный диктант» халықаралық акциясына әлемнің 6 құрлығынан 200 мыңға жуық адам қатысқан

Бұл жылы Риддер қаласының тұрғындары аталмыш акцияға екінші рет қатысып отыр. Биыл қатысқан адамдардың саны былтырмен салыстырғанда ессе көп – 128 адам. Жасы ең кіші қатысушы 10 жаста болса, ең үлкені – 67 жаста.

Биылғы жылы қатысушылар TruD бағытындағы диктант мәтінен де дәстүрлі диктант жұмысымен қоса жазды. TruD бағытындағы диктант мәтіні – орыс тілін шет тілі ретінде оқитын рецепиенттерге арналған мәтін түрі. Бұл бағыттағы жобаға Қазақстан биыл бірінші рет қосылып отыр. 2017 жылдың 8 сәуірінде әлемнің 80 қаласында «Тотальный диктант» акциясы өтті, оның екеуі Қазақстанда – Алматы мен Риддер қаласы.

«Риддер қаласында TruD бағытындағы диктант мәтінін жазған «Шаңырақ» көпбағытты мектеп-гимназиясының өкілдері болды әрі аталмыш міндетті тамаша орындап шықты», - деді акцияны ұйымдастырушы Ескендір Сатеков.

Диктант жұмысы аяқталған соң, филолог мамандар бірден тексеру жұмысына кірісті. Мамандар диктант жұмысын бірнеше рет қарап, мұқият сүзгіден өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы жылғы қала тұрғындарының көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда жоғары екен.
Следующая →