Өскемен
ясно
+5°
  • Өскемен
    +5°
  • Алматы
    +14°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +12°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +12°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +14°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +15°
$
447.89
476.78
¥
61.89
4.79
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Облыстық маңызы бар «Семей-Долонь» тас жолын өзен суы басып кетті

Ертіс өзені тасып жатыр, ал құтқарушылар мен жергілікті атқару органдары болса, өзен жағасын бақылап, кезекшілік міндеттерін атқарып жүр

Бесқарағай ауданында «Семей-Долонь» тас жолын өзен суы басып кетіп, барлық көлік құралдары қатынасына тыйым салынды. Әзірше көлік жүргізушілері бұл аймақты басып өтпей «Семей - Бесқарағай - Долонь» автожолы арқылы қатынас орнатуда, деп хабарлайды Устинка Live порталының тілшісі.

- Судың деңгейі 10-15 сантиметрді құрайды, ал ұзындығы – 20 метр, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. – Ең жақын елді мекен – Бірлік ауылы бір километр қашықтықта жатыр. Ауылды су басу қаупі жоқ. Қазіргі уақытта су басу арнасы бітелді. Жергілікті атқару органдары – 54-ӨСБ мен аймақтық ІІД өз жұмыстарын жасап жатыр.

Ал бұл уақытта Ертіс өзені Семей қаласының да тұрғындарының мазасын алып жатқан болатын. Қаланың Сосновский көшесіндегі тұрғындары су астында қалып қоя жаздады.

– Барлығы 87 метр куб су мөлшері сорып алынды. Тұрғындар эвакуациялаудан бас тартты. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ, – деп хабарлайды ШҚО ТЖД баспасөз хатшылығы.

Су астында қалып қалмау үшін ШҚО ТЖД қызметі азаматтарды үй маңайындағы қар мен қоқыстардан тазартуды, су ағатын каналдарды қоқыстамауды ескертті. Егер судың көлемі жоғарылағандығын байқаған болсаңыз, бірден 112, 8/7232/-26-88-26, 26-88-27 телефонына хабарласыңыз.
Следующая →