Мас жүргізуші полицияға құжаттың орнына боқтық сөз «көрсеткен»
Тәртіп сақшылары бұзақыны көліктен шығармақ болғанда қолын қыстырып алған көрінеді
Түнгі Өскемен патрулінде жүрген жергілікті полиция қызметкерлері мас жүргізушіні тоқтатып, құжаттарын сұраған. Жүргізуші куәлігінің орнына 39 жасар мас жүргізуші үш әріптен тұратын әйгілі боқтық сөз жазылған қағазды көрсетіп, тәртіп сақшыларының бірінің қолын әйнекті көтеру арқылы қысып тастаған, артынша көлікті жүргізе берген.
Өскемен қалалық №2 сотының хабарлауынша, оқиға 11 қаңтар күні орын алған. Жол полициясы батальонының қызметкерлері Абай даңғылымен ақырын қозғалып келе жатқан Daewoo Matiz көлігін тоқтатып, құжаттарын талап еткен. Куәліктің орнына тәртіп бұзушы терезе арқылы бүктелген қағаз берген. Онда жазылған боқтық сөзді дауыстап оқып, ары қарай қозғала берген.
Жүргізушінің жолында тұрған патруль қызметкерлері оның машинадан шығуын талап еткен. Алайда ер адам тәртіп сақшыларына тағы дөрекі сөйлеген. Ақыры ашық тұрған терезеден полиция қызметкері қолын сұғып есікті ашпақ болғанда, мас жүргізуші ойланбастан терезені көтеріп қолын қысып тастайды да, көлікті артқа бере бастайды. Зардап шегуші екінші қолымен терезені шағып, есікті ашып алған.
Ақыры жүргізушінің тепкісіне қарамастан көліктен шығарған. Айбат көрсетушіні «УАЗ» көлігіне тиеп, Өскемен қалалық ІІБ бөліміне жеткізген.
Мас жүргізуші бір жылға бас бостандығынан айырылып, қоғамдық жұмысқа тартылатын болады.