Өскемендіктер дүниежүзілік театр күнін атап өтті
Шығыс Қазақстан облыстық дарама театры төл мерекелері Халықаралық театр күнін атап өтті
Халықаралық театр күні – бұл театр қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның төл мерекесі. Бұл күнді кез келген елдің мәдениеті көрініс тауып, тарихынан сыр шертілетін киелі сахнаның арғы жағы мен бергі жағындағы қызметкерлер жаппай мерекелейді.
«Хас сұлудың көз жасындай мөлдір өнер – театр» деп халқымыздың арда ұлы Ғабит Мүсірепов айтқандай, осынау мөлдір өнерді аялап жүрген Шығыс Қазақстан облыстық драма театры да бұл күнді айрықша атап өтті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қала тұрғындарына рухани байлық сыйлауда аянбай тер төккен сахна саңлақтарының еңбегі жылдағы дәстүр бойынша ШҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Маска» сыйлығымен марапатталды.
Мұнда жылдың үздік спектакльдері мен үздік актерлері анықталып, марапатқа ие болды. Лауреат атанғандар ішінде облыстық драма театр директоры Дінмұхамет Ұябай, режиссерлер Сақан Әкелеев, Татьяна Баева және Айдын Салбанов, актерлер Айдос Нұрмағамбетов, Ақжол Сағанов, Диана Қазкешова, Екатерина Глушкова, Екатерина Емельянова, Алла Латфи, Светлана Степанова және тағы да басқа жас дарындар бар.
Следующая →