Beeline абоненттеріне ай соңына дейін тұрақты тарифтерін анықтау керек
29 наурыздан бастап «бәрі» тарифін пайдаланатын Beeline абоненттері орташа есеппен 200 теңгеге артық төлейтін болады
Компанияда пакет құнының қымбаттауын күндізгі уақытта ғаламтор-трафигі көлемінің өсетінімен байланыстырды. Ұялы оператор мамандары әдеттегі тегін сөйлесудің орнына әлемдік торға кіруді қолжетімдірек етудің себебі – Ғаламтор трафикке қолданушылардың сұранысы артып келеді деп сендірді.
Әріптестерімен "Tele2" компаниясы да келісіп отыр.
- Барлық ұялы операторлардың тәжірибесі – тарифтік жоспарды жиі өзгертіп отыру, - дейді PR менеджер Олжас Бибанов. – мысалы 2016 жылы барлық операторлар клиенттеріне 4G ғаламторын ұсына бастады. Егер 3G жылдамдығында қалыпты пакеттің үш-бес гигабайтты трафик көлемі бұрын сұранысты қанағаттандырса, қазір дәл сондай тариф көлемі ақпарат таратудың жаңа жылдамдығында санаулы күн ішінде «ұшып кетеді».
"Beeline" компаниясында трафикке артық ақша төлегісі келмейтін клиенттер, өзге тарифтерге тегін көше алатындарын ескертті.