Өскемендік әйелдерді гүлге орады
Жас жігіттер 8 Наурыз мерекесі қарсаңында көшеде жүрген нәзік жандыларға гүл шоқтарын сыйлады
Өскемен қалалық Жастар орталығы ерікті жастамен бірлесе отырып «Сүйіктілерімізге гүл шоқтары» атты акция ұйымдастырды, деп хабарлайды Устинка LIVE.
- Қаламыздағы әр әйел бұл күні ерекше назарға бөленуі керек. Мұндай акцияны өткізуді біз дәстүрге айналдырдық. Мұндағы мақсатымыз мерекелік көңіл-күй қалыптастыру, – деді ұйымдастырушылар.
Жас жігіттер сағат 10.00 шамасында Республика алаңында, кейін жол патрульдік полицияның қолдауымен Орталық алаң, «Альшемали» СҮ, «Темірлан» СҮ, «Император» СҮ аумағынан бастап, Ана мен бала орталығы ауданында аяқтады.
Осыншама көңілге бөленген нәзік жандылардың қуанышында шек болмағаны анық.