Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ирина Николенко
Ирина Николенко
Ақпарат көзі:
Устинка

220 адам қар құрсауынан құтқарылды

Қолайсыз ауа райы туралы алдын ала хабарламалар жіберілсе де, боранды күні жолға шығып кеткен тұрғындар әлеуметтік желі арқылы құтқарушыларды көп күткендіктерін айтып, шағымданып жатты

ТЖ қызметінің хабарламаларына құлақ аспаған кейбір тұрғындар қала сыртына шыққан. Осылайша 220 адам, оның 37-сі балалар, қар құрсауында жолда қалып қойған.  

         ШҚО ТЖД қызметкерлері хабарлағандай, кейбір азаматтар боранды күні шалғай аймаққа жол жүруге мәжбүр болған. Төтенше жағдай қызметкерлері екі ересек азамат пен екі балаға жақын маңдағы емханаға жетуге жәрдемдескен.

         Айта кету керек, «Омск - Майқапшағай» тас жолының 40 шақырымы, «Өскемен - Семей» 140 шақырымы, «Семей - Өскемен» тасжолының 40 шақырымында, «Өскемен - Алматы» тасжолының Қалбатау бағытындағы 43-61 шақырымында, «Семей - Қайнар» 37 шақырымы, «Семей - Қарауыл» 50 шақырымы, Ұлтарақ аумағында құтқару операциялары жүргізілді. Осы жолдар бойында қалып қойған адамдарды құтқару үшін жол қызметінің 32 техникасы жұмылдырылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Кейбір тұрғындар, тіпті, әлеуметтік желіге өздерінің жол үстінде қалып қойғандығын және құтқарушылардың келмегендігін алға тартатын бейнероликтер жариялаған. Бірақ ШҚО ТЖД көмек сұрағандардың барлығына құтқарушылар жіберілгендігін мәлімдейді.

- Қазіргі таңда барлық құтқару шаралары тоқтатылды. Бізге түскен қоңыраулардың барлығы тіркеліп, соған орай тиісті шаралар жүргізілді. Күртік қарда батып, шығарылмай қалғандар жоқ. Облыстық және республикалық маңызы бар жолдардың көпшілігі тазартылды, - дейді ШҚО ТЖД баспасөз хатшысы Анастасия Скляр.

Осы орайда төтенше жағдайлар қызметі азаматтарға шалғай аудандарға жол жүрмес бұрын дауылды алдын ала ескерту хабарамаларын ескеруді естеріне салады. Жолдардағы жағдай туралы мәліметтерді «Қазақавтодор» РММ ШҚОБ 26-28-08 телефоны арқылы (республикалық маңызы бар жолдар),  "ОблШығысЖол" КММ-ның (облыстық маңызы бар жолдар) 57-42-52 телефон нөмірі арқылы білуге болады. 

Следующая →