ШҚО-да 28 мас жүргізуші ұсталды
Мас күйіндегі жүргізушілер полиция қызметкерлерінің дәстүрлі «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс шарасы барысында ұсталған
16 және 18 ақпан аралығында тәртіп сақшылары облыстың барлық қалалары мен ауылдарындағы жасақты күшейткен.
«Қауіпсіз жол» акциясының бірінші күнінде ғана полиция 977 жол жүру ережесінің бұзылғанын анықтап, 28 мас жүргізушіні ұстаған, - дейді ШҚО ІІД ЖПҚ бөлімінің басшысы Андрей Ларионов. - Жалпы жыл басынан бері өңірде 118 жол апаты орын алса, оның ішінде 4 адам қаза тауып, 173 адам жарақат алды.
Айта кету керек, былтырғы жылы облыста 1500 жол оқиғасы тіркелсе, оның ішінде 173 адам қаза тапқан. Сонымен қатар, полиция үш мыңға жуық мас жүргізушілерді анықтаған. Жүргізуші куәлігінен барлығы бес мың шығысқазақстандық айрылды.