Өскеменде жол ақысы 22 ақпаннан қымбаттайды
Тұрғындар қоғамдық көліктерге жол ақысы үшін 90 теңгені келесі сәрсенбіден бастап төлейді

Фото:
В. Иванов / Устинка Live
Бағаның қымбаттауы туралы Өскемен қаласы әкімінің қаулысы облыстық "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланды.
Өскемен қалалық ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінде қаулы өзінің заңды күшіне жариялымнан 10 күн өткеннен кейін енетінін жеткізді. Яғни, өскемендіктер 22 ақпаннан бастап жол ақысы үшін 75 теңге емес, 90 теңге төлей бастайды.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Цена на проезд в Усть-Каменогорске Общественный транспорт Усть-Каменогорска 


