ШҚО-да еңбек нарығын модернизациялау басталды
Колледждер мен облыстың кәсіпорындарында техникалық мамандықтарға оқыту және қайта оқыту курстарынан 3 мыңнан астам адам өтеді
Өңірде өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкеріктің жаңа бағдарламасы енгізілмек.
- Жобаның басты мақсаты – өзін өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтарды, жұмыссыз және жұмысқа орналасуға біліктілігі жетпейтін азаматтарды тарту, - деп мәлімдеді ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Елена Старенкова. – Мектептен кейін білімін жалғастырмаған азаматтарды сұранысқа ие мамандықтарға оқыту және қайта оқыту бойынша 1730 адам қамтылмақ.
29 жастан асқан азаматтар үшін қысқа мерзімді курстар ашылады. Одан 1500 адам өтуі мүмкін.