Өскеменде мектеп оқушыларына арналған қауіпсіз жол белгіленді
Қалалық прокуратура қызметкерлері білім бөлімімен және жергілікті полиция қызметімен бірге Өскемендегі әрбір мектепке арнап дербес карта жасады
Картада балаларға қауіпті барлық өңір белгіленді. Мысалы жанында спирттік ішімдік ішіп жүретін дүкендердің маңайы мен қаланың жарықтанбаған өңірлері де есепке алынды.
- Көп жағдайда қылмыстық істер қараңғы жерлерде орын алады, мұндай сәтте мас адамдар өздерінің жазасыздықтарын сезініп, қорғансыз балаға шабуыл жасайды. Егер оқушы мектепке дейінгі және үйіне дейінгі қауіпсіз нақты жоспар бойынша жүрсе, бұл тәуекел барынша төмен болады, - дейді Өскемен прокуратурасы бөлімінің прокуроры Мақсат Иманғазин. - Сонымен қатар Өскемендегі қауіпсіз орындары анықталып, олармен жұмыстар жүргізіледі. Өйткені шамдар мен бейнекамералар барлық жерде бар деу қиын. Бұл сұрақ әкімдікте қаралып жатыр, қала бюджетіне мұндай өңірлерді қауіпсіз ету үшін қаржы бөлінуде. Бейнебақылау камералары, жарықтандыру жүргізіледі. Мұндай жерлерді полиция қызметкерлері де күшті бақылауға алады. «Қауіпсіз жол» дербес картасы қалалық мектеп директорларына таратылды. Біздің жоба ҚР Бас прокуратурасымен «Балаларды бірге қорғаймыз» жол картасы аясында құрылған.
Өскемен ата-аналары балалардың жолына қатысты жобаны қолдай кетті.
- Жақсы ой. Тек балалардың қауіпсіздігіне емес, сонымен қатар қаланы абаттандыруға да септігін тигізеді деп сенеміз, - дейді екінші сынып оқушысының анасы Наталья Иванова.
Жуықта дербес карталар онлайн түрінде пайда болады. Мүмкін олар Шығыс Қазақстанның өзге өңірлерінде де қолға алынатын болады.
Следующая →