Жеті адамға иіс тиген
Жыл басынан бері Өскемен қаласының жеті тұрғыны иіс газынан уланған
Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметтеріне сүйенсек, иіс тиюге көп жағдайда тұрғындардың пеш жағу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамауы себеп болады. Қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарайтын азаматтар әкімшілік жауапқа тартылып, ескерту немесе 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады. Ол дегеніміз 11 345 теңге болмақ.
- Өз енжарлықтарынан уланған азаматтар алдын ала тазартылмаған мұржа, апаттық жағдайдағы пешті жаққаны үшін жазаға тартылуы әділетті екенін түсінуі қажет, - деп хабарлайды Өскемен қаласы ТЖБ баспасөз қызметі. – Иіс газымен улану өте қауіпті, ол сал ауруына шалдықтырып, ішкі қан кету, инсульт алу мүмкін.
ТЖБ өртті бақылау бөлімінің мамандары тұрғындарға айыппұлдан өзге, өз өмірлерін де сақтап қалу үшін қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға кеңес береді.
Следующая →
Тақырыптар:
Отравление угарным газом в Усть-Каменогорске